Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
124
Кей-кейде тұңғиыққа көңіл бойлап,..
Кей-кейде тұңғиыққа көңіл бойлап,
Қоямын бітер күнді – өлімді ойлап.
Жүрегім тыпыршиды сол бір сәтте
Зытқалы тұрғандай-ақ өмір бейбақ.
Жиып ап көкірегіме өткендерді –
Күздерді, қыс пен жазды, көктемдерді
Тергеймін, тінтимін кеп өне бойын
Қашқындай ұстатпаған көптен бергі.
Өткен күн бір тіршілік арзымайтын,
Соны ойлап қара тер боп қалжыраймын.
Жатамын ой топаны басты кернеп,
Көзімнен жас шығармай сан жылаймын.
Құтылмақ боп өкініш қысқашынан,
Сілкіне, ілбіп басып тысқа шығам.
Көк аспан. Жайдары күн. Жарқын жандар.
...Қайтадан қолым қышып іске асығам
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter