Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  167


Автор: Бекен Әбдіразақов

Есік көлі

Көк тас пен жасыл жапырақ тұнық сөлін,
Алатау жасағандай құйып көлін.
Ақ бас тау есікті емес, сұлу көлге
Сыйлапты төскейінен биік төрін.
Мөп-молдір ақ маралдың жанарындай,
Көл жатыр күлімсіреп қабағында Ай.
Сымбатты шыршаларын күүдіз көрсең,
Батырдың тауға өрлеген жарағындай.
Бұ көлді биші қыздай Күн ойнаған
Бір қыздың көз жасы деп кім ойлаған.
Сенбеймін, аңызында айта берсін,
Дәл бүгін серік болмас бұл ой маған.
Сәулешім, шоши көрме тұнық көлден
Бақыттың балын бізге құйып берген.
Есік көл бесігі екен қос ғашықтың
Мәңгілік бірін-бірі сүйіп өлген!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу