Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  103


Автор: Бекен Әбдіразақов

Өтті бәрі, қайтемін көрген түстей

Өтті бәрі, қайтемін көрген түстей
Кеудемдегі арманды көмгем іштей.
Таразылап байқасам, қу басыма
Қыдиып бір тосыннан төнген істей.
Құлдыраса құлындай Айсарашым,
Жарық күнге ғашық боп жай табасың!
Алматының көшесін аралап кеп,
Үмітсіздік уын да қайтарасың!
Қош бол, жылдар, арманды, қарғыс атқан,
Көз жасымды мөп-мөлдір қанға ұсатқан!
Аң таңыма жабылған қарадай-ақ
Күн де батты.
Үміт бар таңғы шақтан!
Күтем, күтем жаңа жыл таңын бүгін,
Таң нұрымен қайтадан жарыл, гүлім.
Бір бақытты тәңірім сыйлар ма екен,
Алабұртып отыр ғой жаным бүгін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу