Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
130
Жаутаңдайды жыл бізді қимағандай...
Жаутаңдайды жыл бізді қимағандай,
Қоюланып барады түн дегенің.
Өкінішім кеудеме сыймағандай,
Мен де түндей түнеріп, үндемедім.
Көңілімнің көгінде бірақ-тағы
Би билейді қыздардай сәуле деген.
Қолым жетпес қиянның шырақтары
Жүрегімді несіне әурелеген?!
Қанат бітсе, кідірмей ұшар едім,
Басты тігіп жолына армандардың.
Отымменен ең соңғы құшар едім,
Күлге айналсын, апыр-ау, қалған жаным!
Кетпей қойды қаңғыбас қиял бастан,
Жаңа жылда жанар ма жан үмітім?
Мен де жоқты сұраймын ұялмастан
Пенде бар ма дүниеде жаны бүтін?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter