Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
138
Тіршіліктің қанықтым шым сырына...
Тіршіліктің қанықтым шым сырына,
Қайтем елдің құлақ сап былшылына!
Елу бесте қараймын үрейлене
Алпыс атты айбарлы бір шыңыма.
Тағдырымның тайсақтап ығын ескем,
Биіктемей бұтадай бұғып өскем.
Алдыма сап айдаған арманымның
Төлдерінің, о, сұмдық, шығыны өскен?!
Қала берген жол үсті бауыздалып,
Аясын ба алғасын ауызданып?!
Дұшпандарым қуанса, достар үнсіз,
Жаны ашымас бұ неткен жауыз халық?!
Арманнан да өз жаным ада бүгін,
Көк терегім кешегі қада бүгін.
Көңілдің көркі жоқ, жүзі солғын,
Қарғыс атқыр сұм сұғын қадады кім?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter