Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
155
Тойға талай барғызбасым барғызбай...
Тойға талай барғызбасым барғызбай,
Шоқиып мен күн кештім ғой жалғыздай.
Он бес жылдың беделінде бұк түсіп,
Отырамын от ішінде қан қызбай.
Көрінеді жұлдыз суық, тау мұздай,
Аңдып жүрген айналам жау аңдыздай.
Неге маған тірлік мұнша тарылды,
Кеуде кере демімді бір алғызбай?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter