Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
139
Жаздың соңғы түнінде жаңбыр тамды...
Жаздың соңғы түнінде жаңбыр тамды,
Күз де жаны сүйеді жаңғыртқанды.
Көңілсіздік көрпесі көсілді де,
Таңертеңгі жап-жарық жан бұлттанды,
Шаруаға басталды жиын-терім,
Балапанды санау да қиын керім!
Табиғаттың сырт тартып бұ тойы да,
Жұлқылайды жүректі құйын-перің!
Жемісімді биылғы шашып алып,
Үйір болды үйге – мұң, басыма – бұлт!
Уағымен уылжып түскен күзге
Қызғаныштан көңілім ашынды анық!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter