Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
156
Арыс аруы
Арыстық ару, ай жүздім,
Ындынын құртқан талайдың,
Арманға қолды жайғыздың,
Жасаурап көзім қараймын.
Жанарың жаућар мұнарлы,
Сұрақпен сырлы мөлдіреп,
Жүрегім жанын шығарды,
Құл болды, байғұс елбіреп.
Алтын да зерлі пиялаң,
Айың да туар қиядан.
Арыстық ару, қайтейін,
Ғашықпын деуге ұялам.
Сен, қалқам, жұрттан ұялма,
Арманыңды аңсап қиялда,
Өміріңе мынау өрімдей
Махаббат тартар сый алда!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter