Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  225


Автор: Бекен Әбдіразақов

Арысым, ардақ өлкем кіндік кескен...

Арысым, ардақ өлкем кіндік кескен,
Көрдің ғой талай-талай түндікті өшкен.
Ажалдан арашалар амал жалғыз –
Бақыттың басы – жұптым, бірлік дескен!
Ат ізін салмап едім көптен бері,
Кеудеме қонғандай кеп көктен енді.
Күн-түні сенделемін шақырғандай,
Сәбидің жұпарындай көктемдерің!
Отырмын арманнан да мақұрым боп,
Жанымды аялайтын жақыным жоқ.
Арысым, сені мәңгі сағынатын
Қалайың қасіретті ақының боп!
Арыстың суы салқындап,
Сімірсем тісті жарғандай.
Арыстың бойы алтын бақ,
Алтынға малып алғандай.
Ақ мақта күннің нұрына
Үлбіреп ернін ашқанда,
Арыстың шықсаң қырына,
Күмістен теңге шашқандай.
Арыстың күзі мың бояу,
Мың түрлі күздің жемісі.
Адамы күндіз, түнде ояу,
Дүбірлі-ақ, шіркін, ел іші!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу