Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
90
Арыстың аңғарында
Тұла бойың жылылықты тұндырып,
Боранның да омыртқасын сындырып,
Жыл он екі ай жайраң қағып жатасың,
Тіршіліктің талай ісін тындырып.
Топырағыңнан күн қызуы бұрқанып,
Жалқынданып, жалтылдайды нұр тамып.
Дәмі кетпес жолаушының тілінен,
Арысыңнан сімірсе егер бір қанып.
Сондай момын шаруақой аймақсың,
Кім болса да, мекен тепсе жайлы-ақсың.
Жібектей сол қасиетіңді ұл-қызға
Адамдықтың жалауы етіп байлапсың.
Туған жерім, менде бөтен сезім жоқ,
Үйдегі анам көрінеді өзің боп.
Сол қариялар перзентің боп қалыпты,
Айтсаң болды – мені де бір көзім деп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter