Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
109
Экспромт
Қиналамын кеудемдегі бар мұңды
Сыйғыза алмай Өлеңге...
Тулап-тулап толқын шықсам алдыңғы,
Пешенеден көрем де.
Тіршіліктің бір қызығы – Жұмбақтық,
Жырсыз өмір сүрмейміз.
Ғұмырнама парақтарын құндақ қып,
Соңымыздан гүлдейді із.
Зарық пенен жарық керек Жүрекке –
Жүру үшін ауырмай.
Сендік сезім – жапырақтай дір етпе,
Мендік сезім – дауылдай...
Әлімсақтан жаратылдық тозаң боп,
Нұрға сіңіп кетерміз.
Қу заманның бәйгісінде озам деп,
Алқынбайық бекер біз.
Түсінерсің күйінішті Күлкімді,
Көлгірсімен өтірік.
Дүниеге қаратамын сыртымды,
Іштен өксіп отырып...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter