Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
101
Жансусар
Сар тамыздың бүгін бесі...
Кеш батқанда күлімдеші, Жалқы Нұр,
Құбыланың түбінен!
Саған арнап ән салады нарт іңір –
Шұғыланың тілімен.
Шашып қалсын сәулеңді аспан,
Көшеді әлі дәурен бастан – жаздайғы,
Жетсе күздің ақпары.
Не біледі аққу менен қаз жайлы
Кексе құзғын – кәп-кәрі?..
Менің ғана қайғыласым –
Жүзі сынық Ай дұғасын оқиды,
Өткен күнге бағыштап.
Сыпсың қағып жел де қырдан көкиді,
Көктем мүлде алыс қап.
Алаң болып ғайып көңіл,
Періштеңе лайықты өмір сүрер ем –
Құрақ ұшып, Бал Еркем!
...Жанарымда – түн баласы түнеген
Тұнады шық таңертең...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter