28.05.2022
2472
Құтты болсын мүшел жас
Құтты болсын мүшел жас,
Жиырма бесің бүгінгі.
Жаңа жасың қуантсын,
Сәтті қып өтер күніңді.
Атар таңың нұр сыйлап,
Күлімдесін күн, айың.
Амандықта, саулықта,
Ортамызда жүр дәйім.
Орындалып арманың,
Биік самға, өрле тек.
Жұлдыздарың жымыңдап,
Бақытты бол күлімдеп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter