Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.05.2022
189
Еңбегіңе сай келсін
Шабыт келсе – тасынып,
Келмей қойса – ойланам.
Бірден қалар басылып
Ерке сезім ойнаған.
Болса да сай күш, ынтам,
Айналмаспын шеберге –
Өзімді өзім ұсынсам
Бойымда жоқ өнерге.
Қарсы алдыңнан жол қашып,
Жүйткіп онда ой-дөнен,
Қанша жерден бол ғашық,
Қонбаса өнер – қайғы ерен.
Нұрын өнер төкпесе,
Оған бола қамықпа.
Арың сенің көкке өсер,
Қалсаң таза қалыпта.
Барлық дарын пірім – сен,
Атаққа атың сай болса.
Озбауға еңбек сіңірсең,
Баспау керек қайғы онша.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter