Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.05.2022
131
Сәби жыр
Қабағымнан қар жауса
күн ашықта,
Қалыс ойлап, қарғашым,
кінә тұтпа.
Қасіретті көрмейтін
көр көңілге,
Кең құшағын – сірә да,
жыр ашып па?!
Жолдарымда
аярлар кезігер мың,
Жанарымда сол сәтте
сезілер мұң.
Айласымен
пайдасын қамшылаған
Пасықтықтан жиреніп
мезі болдым.
Өмірге де
келмейді өкпелегім,
Сәби-жырды
аялап өтпек едім.
Сан тараулы жолдарда
сағым сынып,
Мұқалмағай жігерім
деп келемін.
Сәби-жырға
Тәңірдей кім сиынды?..
Кім де болса,
енді оған тым қиын-ды.
Тең бөліссем деп келем
тауқыметін,
Ең болмаса,
сен ұққын бұл күйімді!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter