Өлеңдер ✍️

  27.05.2022
  112


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Жылтырақ ойлар, алдама


Басыма қонар бағымның, –
Бұлыңғыр күнім
бағытын бұрып,
Тірлікте сүріндім бүгін.
Кескілей бердім
көзіммен көкжиегімді
Көрініс іздеп
сүртетін көңілдің кірін.
Пендешіліктің қоя алмай
пердесін түріп,
Өзін ұқпаған –
Жарытпас өзгесін біліп.
Жанымды қоса турайды
жарығымен алдап
Жылтырақ ойлар
жылжыған жер бетін тіліп.
Өмірдің мынау
кезігер сай-жарын, –
Дара
қарсы алар күш –
Сенімім – айбарым жаңа.
...Алаңдап кетсең әрнеге –
асыға жетем,
Құлап түскен соң жиналған
ойларымды ала.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу