Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2022
171
Әнші қарындасқа
Тағдырдың жолы сан-сала,
Талайсыз сәтi қаншама
Сарсаңға сенi салса да,
Арманның шыңын аңса да –
Шаршама, айнам, шаршама!
Талаптан дарын туындар,
Бағыңды сынап көр, қане,
Өнерпаз болып туу бар,
Өнерде қалу бар және.
Толғантып мұңы, шаттығы,
Арналсын әнiң халқыңа.
Жалау ғып жанның пәктiгiн,
Талпына бергiн, талпына!
Өмiрдiң сырын түсiнбей,
Жанарға кiреуке тұнғанда,
Еңсеңдi, күнім, түсiрмей,
Шыңдарға қара, шыңдарға!
Желбiрегендей шыңнан ту,
Биiктен көрiн, асқақта.
Астана жүрiп арман қу,
Жабасақ үнiн тоқтатпа.
Кездесер сай да, дөңес те,
Шектеусiз ендi тәмам жол.
Жүрсең де қандай белесте,
Айналайын, аман бол!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter