Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  101


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Динамо

Талаптыны
қанаттыға жалғаған,
Қуат-күшін
туған елге арнаған
Қырандардың ұясы бұл – Динамо
Түлеп ұшып
заңғар көкте самғаған!
Тұлпарлар мен
сұңқарларды жинады –
Динамо! Динамо! Динамо!
Көзге ыстық
көрінеді кимоно,
Күрескерлер
үстеріне киді, әне!
Мықты болсаң
боз кілемде атой сал,
Қол соғады,
жар салады Динамо!
Тұлпарлар мен
сұңқарларды жинады –
Динамо! Динамо! Динамо!
Қаймықпастан дауыл,
жауын, көк мұздан,
Қара үзіп
дара шығып шеп бұзған!
Жеңімпаздың алауы бұл – Динамо,
Сан жүректе
намыс отын жаққызған.
Тұлпарлар мен
сұңқарларды жинады –
Динамо! Динамо! Динамо!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу