Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  106


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Жүрек қалауы

Ән шырқап жүрген кең даласында –
Жігіт пен қыз келіп жарасымға,
Үйлену тойын тойлады сосын
Қаланың әсем мейрамханасында.
Жүректер бір-бірін сүйіп тынды,
Тілектер жауын болып құйып тұрды.
Екі жас осылайша бағындырды
“Махаббат” деп аталар биік шыңды.
Бұл күнгі таң да ерек қызарып атты,
Ғашықтар ғана мұны ұғады қатты.
Қалың ел, кездестірді деп ойлады –
“Шөліркеп жүрген жанға
тұма бұлақты”.
“Құрметтей білгендер қос ата-ананы –
Тәлім-тәрбие көрген жас атанады”.
Тойда айтылған тілектер осыған сайды,
Осы еді – Ана тілегі, Ата талабы.
Азамат үшін – алынған бұл-дағы белес,
Ару болып кезінде қинады елес.
Сынағы алуан жол жатыр алда, әрине,
Үй болу қиын, үйлену емес.
“Кездестіре гөр деп естірек Ерді!”
Тәңірден ару да көп тілеген-ді.
– Ойлағандары осылай орындала беріп,
Бақытты болсын, – десті ел,
– қос жүрек енді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу