Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2022
125
Бар құмарың басылар барсаң ғана
Балалық шақ – тұнық Көк,
шалқар Дала,
Құдiретiңе қараймын
аң-таң қала.
Қырды кезiп кетушi ек,
ай-хой, дәурен,
Бiр ойлаған арманды
қайта ойлаумен.
Бара қалсам ауылға –
бiрге болам,
Қайтар кезде ермейсiң
мүлде маған.
Сенi алып қап,
онысы менi өртеген,
Ұзамай-ақ қойдың-ау
сол өлкеден.
Тұнығыңды аңсаймын
ендi ұзақтан:
Бұл жақ менен мiн тауып,
– мен бұ жақтан,
Тiл табыспай дiлiммен
дүйiм маңай,
Қайтып кеткiм келедi
кейiн қарай.
Туған ауыл – тұнық Көк,
шалқар Дала,
Бар құмарың басылар
барсаң ғана.
Жетсем деймiн өзiңе
өлiп-өшiп,
Керi ағысын тағдырдың
керi кешiп.
Жабырқасам
осылай еске алам мен,
Сағынышты басарсың
басқа немен?..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter