Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  625


Автор: Шырын Толқынова

Менде сені сағындым

Білесің бе?
Қалай толқып тұрғандығын жанымның?
Сонда да мен сабылдым...
Тілеп кеттім тістеп тұрып тілімді,
Бұл сағыныш – мәңгі тарту еткен
сыйы болса екен деп Тәңірдің.
Сені тағы аңсадым.
Елесіңнен елтіп күте,
кешір жаным, шаршадым.
Қанша күн ?...
Әппақ сезім, әппақ сенім, ақ сезім.
Көңілімді басып кетті қарша мұң.
Мен де саған асықтым.
Сенесің бе?
Сезімімді тау толқындай тасыттың.
Бірақ неге асықтым?
Төлегенін – тірек тұтып, Қозысын –
Қорған көрген Қыз Жібек, Баяндардай
Бәлкім, мен де ғашықпын?!
Ғашықпын?!
Қандай ғажап –
Ғашық болып бұл ғаламның ғажаптығын
сезіну!?
Аңсап жүріп, адаспай,
Бағым деген бақытыңмен кезігу.
Қандай бақыт – бұл өмірдің
бір бақытын көріп барып көз ілу!?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу