Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.05.2022
846
Студент жыры
Уақыт шіркін, өтіп жатыр зымырап,
Біздер жүрміз білім қуып күн ұзақ.
Болашаққа шығарып сап, апырай-ай!
Балалық шақ, кетіпсің-ау, тым ұзап...
Алыс кетіп ауылымнан, үйімнен,
Қадірлерін білгендеймін бүгін мен.
Бүкіл ауыл кеп тұрғандай болады,
Қарсы алдымда анам тұрса жүгімен.
Жылаймын кеп хат келсе де үйімнен,
Сағыныштан көкірегіме түйілген.
Сол сағыныш – жырым болды жазатын,
Тез арылтып балалық, бал күйімнен.
Арман, арман мені алысқа алып ұш,
Сағынышты көңілдердің балын іш.
Көңіліме сыр жасырып, күн сайын
Мен есейтіп келеді бір сағыныш
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter