Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.05.2022
140
Мүсінші
Тоңмойындар торына
Қайрылғым жоқ...
Түсінші!..
Алтын жұғып қолыма,
Болып алдым мүсінші.
Пендешілік – сый мыңға,
Құбыжық – ой...
Аран – нән...
Көз жасымды құйдым да,
Саз иледім санамнан.
Сұрамадым шешімді,
Ойдан орман – жол үсті...
Кескіндеп ем кесірді,
«Бөжәй» болды келісті.
Музейімде айнадан
Көрсін өзін «Биіктер»...
Жүрегіммен ойнаған
Жанның бәрі – кейіпкер.
Қоғам – қарттың ала шаң
Қарашығы жай күнгі...
Сұрауыңды ал,
Қаласаң,
Қақыратса қайғыңды.
Көңілімнің уымен
Орнатқанмын...
Амалсыз...
мүсіндердің түрінен,
Өзіңізді табарсыз...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter