file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  703


Автор: Балуан Шолақ

Сентябрь

(2-түрі)
Мен, Шолақ, осы күнде тасып жүрмін,
Бау, бақша əрбір жерге шашып жүрмін.
Соңыма дұшпан болып жүргендердің,
Талайын шөптей таптап басып жүрмін, басып жүрмін.
Қайырмасы:
Ей-а-я, ей-а-я, а-а-ау, а-ай.
Ер жігіт жұртқа жағар қылығынан,
Кеткен жоқ сілтегенім құрығымнан.
Сан дұшпан анталаған қамаса да,
Келмейді Сырдың суы жұлығымнан.
Қайырмасы.
Мен, Шолақ, он сегізде өнер тапқан,
Үкілеп Ақбоз атқа тұмар таққан.
Басымда – пұшпақ бөрік, шекемде – үкі,
Үстіме кидім жібек шымқай ақтан.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу