file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  1073


Автор: Балуан Шолақ

Сентябрь

(1-түрі)
Баласы Баймырзаның Балуан Шолақ,
Бір қолым отқа күйіп болдым молақ.
Сұлу қыз, келіншекке тынышсызбын –
Жазғыз-ақ тал бойымда, о-оу, мінім сол-ақ, мінім сол-ақ.
Қайырмасы:
Əй-я, ой-я, а-хау, и-я, я-у,
Ə-ə, ия-ия, е-у.
Бүл күнде қырық бесте менің жасым,
Қамалдың бұзып жүрмін қорған тасын.
Кешегі сентябрьдің базарында,
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу