file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  212


Автор: Балуан Шолақ

Қос перне

Болмағы қыздың сұлу қылығынан,
Етіктің су өтеді жұлығынан.
Құмардан құрт ішкендей шығар едім,
Ұстасам матор қыздың мықынынан.
Қайырмасы:
Қа-ли-ли, ай-дай,
Ха-ли-ля-ку, ай-дай,
И-и, ай-дай-а, а-ай.
Шығады көктемеде сыздың көбі,
Шығады етікшіден біздің көбі,
Кешегі он сегіздің мезгілінде,
Біздерге құмар еді қыздың көбі.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу