Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  132


Автор: Балуан Шолақ

Желіп-желіп

Алайын, даусым келсе, а-а-ау, а-ау, желіп-желіп-ай,
Гулесе басылмайтын, а-а-ау, а-ау, мен бір көрік-ай,
Ат жалын өзім тартып мінгеннен соң,
Сұлу қыз, келіншекке болдым жерік.
Ай, ау, ау, ау, ау,
Ау-ай-ау, ау-ай, ау-ай.
Жасымнан мен жақсыға жақын жүрмін,
Дариядай шалқар көл боп тасып жүрмін.
Мол күштің тəңірім берген арқасында,
Дұшпанды жүндей төпеп басым жүрмін.
Ай, ау, ау, ау, ау,
Ау-ай-ау, ау-ай, ау-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу