file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  175


Автор: Балуан Шолақ

Балуан Шолақтың əні

(5-түрі)
Мен өзім осы кезде тасып жүрмін,
Кеудесін дұшпандардың басып жүрмін.
Жаласы сексен өгіз маған ауып,
Сол кезде Қараткөлде қашып жүрмін, ай.
Қайырмасы.
Айтқаны жақсылардың болар себеп,
Қолтықтан көтере көр, əруақ, демеп.
Ұстайды деген менің ойымда жоқ,
Тайный1 кеп он бес солдат алды қамап.
Сұрасаң, менің атым – Балуан Шолақ,
Оң қолым отқа күйіп болдым молақ.
Сұлу қыз, келіншекке тынышсызбын –
Жалғыз-ақ тал бойымда мінім сол-ақ.


Қайырмасы.
Бұл күнде қырық тоғызда менің жасым,
Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын,
Кешегі сентябрьдің базарында,
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
Жиналып орыс, қазақ таң қалысты,
Болды деп Қаһарманнан болды басым.
Залог сап 75 сом күрескенде,
Сындырдым Карон балуан қабырғасын.
Қайырмасы.


 




 


1 Білдірмей, жасырын, құпия келу мағынасында




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу