Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.05.2022
185

Балуан Шолақтың əні
(3-түрі)
Ой-ди-ди-ди-ди-ди-ди, рай-ра, и-и-и-а-ай,
Атандым, ау, Нұрмағамбет – Балуан Шолақ,
Бойыма құдай берген күш пенен бақ.
Сұлу қыз, келіншекке тынышсыздаумын –
Жалғыз-ақ денемдегі кінəм сол-ақ.
Қайырмасы:
А-ха-ха-ха, хай-хай,
А-ха-ха-ха, хай-хай.
А-ха-ха, ай-ай! А-ха-хау,
А-ха-хау, а-ха-ха-ха, а-ха-ха-ха, а-ай.
Атандым Балуан Шолақ Баймырзаұлы,
Алашқа мағлұм болған əр пиғылы.
Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер,
Жақсының естен кетпес əр қылығы.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇