file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  169


Автор: Балуан Шолақ

Балуан Шолақтың əн

(2-түрі)
Бозбала, не сұрайсың біздей ерден,
Бұл кеңес шыға бермес өзге жерден.
Барында қызыл гүлдің қал қимылдап,
Бар ма екен дүние айналып екі келген.
Қайырмасы:
Екі келген пірім-ай,
Жазбады, ау, жазбады саған күнім-ай.
Жасымнан қол сермедім асқар белге,
Көкорай ел қондырдым жайлы жерге.
Өлеңші, домбырашы, өзім балуан,
Болмаған кімдер əуес біздей ерге.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу