file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  161


Автор: Балуан Шолақ

Дегенде, Ғалиясың

(Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауылында тұратын зейнеткер Қайреден Жұмашев 2014 жылғы 8 тамызда «Жас алаш» газетінде
жариялаған мəтін).
Дегенде, Ғалиясың, Ғалиясың!
Iшiңнiң кiм бiледi жар-ұясын.
Сонау күнi бiр сөздi айтып едiм,
Сол сөзiме не жауап қайырасың!?
Қайырмасы:
Япырм-ай! Жан сəулем!
Ғалия-ай! Етiңнен!
Аппақ қардай бетiңнен!
Бiр күн ауру, бiр күн сау,
Жазылмадың дертiңнен!
Көгалда көгала үйрек балпаңдаған,
Құрбыға бiр сөзiм бар айта алмаған.
Томағасын сыпырған ителгiдей,
Айналайын, көзiңнен жайтаңдаған!
Қайырмасы.
Қолында Ғалияның алмас пышақ,
Көрдiм де, Ғалияға жайдым құшақ.
Отыр ма екен Ғалия, жатыр ма екен,
Айдын көлге шомылған аққу құсап!
Қайырмасы:
Япырм-ай! Ғалия-ай!
Жан сəулем! Етiңнен!
Аппақ қардай бетiңнен!
Бiр күн ауру, бiр күн сау!
Жазылмадың дертiңнен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу