Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  154


Автор: Балуан Шолақ

Ноғайлар бал жалайды

Ноғайлар бал жалайды шыныменен,
Ешнəрсе бітірмедім мұныменен.
Ғалия, сен туралы естігенде,
Дөңбекшіп жата алмадым түніменен.
Ғалия, ұзын бойлы ырғақтым-ай,
Үстіңде дүрия көйлек сырғақтым-ай.
Қазақтың сендей қызы үйінде отыр,
Шыдамай бір-екі айға жын қақты ма-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу