Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  148


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Ақын досқа

Ақын боп кеше көшке ілескенде,
Күмбірлеп кеуде-күйшанақ.
Сөз де естіп талай естімес пенде,
Күндер де кештік бисағат.
Бір досты бейнет қинаса сүйеп,
Беттедік алыс кермеге.
Үйшігіне иттер жинаса сүйек,
Ой жидық біздер кеудеге.
Үстіне мініп көңіл кеменің,
Түн қаттық жанды аямай
Зыр етер демде өмір дегенің,
Қып-қысқа баяндамадай.
Арам шөптердей алқара шашқа,
Түседі жайлап ақ қырау
Бой жасап тұрып қарқара шақта,
Іздерміз сені жастық-ау!
Шен-шекпен қолын басқаға жайсын,
Олардың бөлек ұсқыны
Біз деген мезгіл тот сала алмайтын,
Үндінің асыл ұстыны.
Арман бар бізде иланасың ба?
Не керек босқа қиқулап.
Су ілген қыздың иінағашында,
Жырымыз жүрсе бір шумақ.
Тірліктің уын досым-ай талмай,
Сіміріп едік өртеп кек.
Өлсек те біздер сасымай, тамбай
Жатамыз мəңгі сартап боп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу