Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  109


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Қасымда отыр сылқым бір қыз...

Қасымда отыр сылқым бір қыз,
Ұшар көкке сезім гөйлеп.
Жарқырайды шолпан жұлдыз.
Шадырқайдың безіндей боп.
Күйіп барам тынысыңа,
Бұл от шарпыр талай маңды.
Қалқам, көңіл шынысына,
Түсірме көп қолайнаңды.
Ер жігіт тап сақылардай,
Қайтем күнім, мазаңды алып.
Шүлен жазда жапырақ жай,
Сен де гүлдей тозаңданып...
Біздер тіккен құлама ту,
Тоқтамасын жан сағатың.
Алдымызда ұлан асу,
Ат аритын, тон тозатын.
Бақи тірлік жаңбырлары,
Талайлардың шаяды өңін.
Көңіліңнің əн-қырманы,
Тарқамасын аягөзім.
Ұмыт болсаң кеңшілікте,
Еске салар қоңырау күн.
Жүрер мəңгі кеңсірікте,
Исі жұпар омыраудың.
Түсер басқа небір құрық,
Болған кезде жылуға зар.
Жазам сонда егілдіріп,
Өзіңе арнап сұлу ғазал...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу