Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  134


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Жұбату

Көрмедің-ау, төккенін арай қалай,
Жалықтың ба түнекке қарай-қарай.
Мына біздер бəрін де көріп тұрып,
Аша алмадық жаңалық обалдағы-ай!
Қарасаң та дүниеге шың басынан,
Сімірсек те туған жер тұнбасынан.
Желді күнгі түтіндей жер бауырлап,
Аса алмадық бəрібір ши басынан.
Күйбеңдемей, ұмытып оты-басын,
Қиял кешіп мəңгілік отыратын.
Жарық күнді дəл сендей сүйе алмаспыз,
Сен артықсың бəрінен соқыр ақын.
Неге ауса да жанарың тесіп өтсін,
Керегі жоқ, əйтпесе есіл оттың.
Сыйып тұрған одан да бүкіл ғалам,
Бітелмесін көздері көкіректің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу