Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  114


Автор: Ибрагим Иса

Түнек

Сан ғасырлар түнек басып,
Көңілсіздеу содан далам.
Жүр бұл жерді тіреп басып
Қараңғы ойлы, қараңғы адам.
Дұрыс жанды таба алмайсың!
Амалың жоқ,
Өмір осы.
Жарқанатқа алаңдайсың,
Қараңғының сол иесі.
Көр соқырға берді Құдай!
Жарық күнді аша алар кім?!
Шапақ түссе көндіге алмай
Қараңғыға шашалармын.
Кім бар отсыз тұра алатын,
Жарық іздеп сөнделесің:
Әппақ өмір рахатын
Келер ұрпақ, сен көресің!
Ол уақыт та қашық емес,
Қараңызшы,
Таң білінді...
Түнек – нұрдан басым емес,
Жоғалтпайық енді Күнді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу