Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
161
Элегия
Бір қалтамды сілкіп едім – жұтапты,
Қол сүңгіттім тағы бір бос қалтама.
Жол серік боп оқитын бір кітапты,
Жол дорбамды асып алып арқама,
Кетсем бе екен дем алуға, жыраққа,
Ауыр ойдан арашалап басымды.
Шықсам ба екен таза ауаға, қыратқа,
Желге тосып жыл сиреткен шашымды.
Естеліктер бірте-бірте ескіріп,
Қалап бара жатыр жастық – бақытым.
Күн де аздап қалғандай ма кешкіріп,
Таянды ма есеп берер уақытым.
Бір қалтамды сілкіп едім – жұтапты,
Қол сүңгіттім тағы бір бос қалтама.
Тек, әйтеуір, болған күні атақты,
Дем алуға жөнелемін Ялтаға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter