Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
106
Елге оралу
Николай Рубцовтан
Ымырт еді,
Сай-сала,
Арығы көп,
Қарауытқан бетке алып төбе жақты,
Жүк таситын машина,
Жарығы жоқ,
Сағатына жүзді ұрып келе жатты.
Келеді ұшып,құспенен жарысқандай,
Келеді ұшып,жерде емес дөңгелегі!
Хас тұлпардың жалына жабысқандай,
Шофер жігіт үн-түнсіз тербеледі.
Жабайы аттай,
Көсілген жолға шығып,
Келеді ызғып,
Дүние айналып тұр.
Шофер отыр, тістеніп,
Алға асығып,
Қара жолға жанары байланыпты.
Жоқпын әлі ауылымды анық көрген,
Көңілімді түртеді мырза желік.
Туған жерге әп-сәтте алып келген
Жылдамдыққа отырмын ырза болып.
Алға асығам,–
Еліне берекенің,
Бал мен сүтке жақсылап тоям деп бір!
Айдалада...
Білмеймін, неге екенін,
Машинадан түстім де,
Жаяу кеттім…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter