Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  108


Автор: Ибрагим Иса

Мейірбан Филя

Николай Рубцовтан


Сол бір үй мәңгі жадымды,
Айнала орман. Таң қалдым.
Тұратын мүлгіп,
Маңында,
Қаптаған ізі аңдардың.
Сол ағаш үйде безерген,
Ешкімнен күтпей рахым,
Ваннасыз, газсыз ежелден
Мейірбан Филя тұратын.
Сүйетін Филя хайуанды,
Кез келген ауқат-жерігі.
Салатын Филя сайранды,
Сыбызғы сосын серігі.
Әділет бар ғой дүниеде,
Тұра тұр үнсіз, тамсан да..
– Филя! Сен айтсаң бірдеңе..
– Не жайлы айтам ал сонда?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу