Өлеңдер ✍️
Сатираға
Сонау бір жылдар, шақтар еді көп-көрім,
Қуанышпен өтті, талай мәрте көктемің.
Жылдар да өтті, байқамай жүріп ақыры,
Көрдің ғой міне, жетпістің қалай жеткенін.
Дей алмаймыз бүгін сені қартайған,
Тыңсың әлі, әжім де жоқ байқалған.
Жасай бер, сау боп, ортасында жұртыңның,
Бәйтерек боп жапырағы жайқалған.
Гүлденіп өсті, жайқалып өсті айналаң,
Үш балаң сенің үш ауыл болды жайнаған.
Солардан тарап бойыңа сенің бақ қонса,
Өмір ғой осы – осының өзі қайнаған.
Әттең Зкен, жаныңда жоқ қой бүгін,
Көтеретін еді ғой нардың жүгін.
Шаңырағын шайқалтпай Руслан жүр,
Ардақтап отбасының бүтіндігін.
Отанасы–үй құты, өзіңе жарасатын,
Ешкім жоқ ақиқатқа таласатын.
Ердің ері Зкенді жоқтатпаған,
Биік болсын мәртебең, парасатың.
Өмірдің бүгін шыңына шықтың тұғырлы,
Мазмұнды етіп өткіздің біраз ғұмырды.
Немере дейтін патшаларды сүйретіп,
Жеткізе бер Ақ Әже боп жұғымды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter