Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
124
Бұның қалай,өз сертіңе бас ұрғаның...
Бұның қалай,өз сертіңе бас ұрғаның,
Сен емес пең көптен күткен асыл бағым.
Жүректегі тулаған бал сезімді,
Сенен қалай,сенен қалай жасырамын.
Басыңа ауыр күндер туса егер,
Сүйген сәулем,әрқашан қасыңдамын.
Құшағымнан үзілген шоқ жырларымды,
Байқадың ба гүлге айналып шашылғанын.
Есіңдеме бір кездері тоты құстай,
Еркелеп кеп мойныма асылғаның.
Сен дегенде махаббат арнасынан,
Жатады іште сезім билеп тасып әнім.
Тағат таппай бақытты күндеріме,
Жету үшін бір өзіңе асығамын.
Арманшылдау көңілім үмітке еріп,
Түніменен мазалайды ғашық әнім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter