23.05.2022
  2134


Автор: Ерлан Рымбек

Жас жұбайларға ақ тілек

Нұры жаусын Алланың,
Арайлап атсын таңдарын.
Тілейтінім сендерге,
Бақтарыңның жанғанын.
Күтпесін өмір жолында,
Солған гүлдей алда мұң.
Бақыттың шығар шыңына,
Болсын әр кез жолдарың.
Көктемгі гүлдей құлпырып,
Мәуелеп өссін талдарың.
Қол ұстасып екеуің,
Бар әлемді шарлағың,
Шаңырақтарың шайқалмай,
Мейрімді болсын жандарың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу