Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
115
Мен боламын қайда жүрсең жұбанышың...
Мен боламын қайда жүрсең жұбанышың,
Сен дегенде қайралады жыр намысым.
Екеумізге бір бақыт жазбапты ғой,
Әлде біз жаралдықпа жылау үшін.
Шыдағаның,төзгенің дұрыс болар,
Келген жанбыз өйткені сынақ үшін.
Көңіл бұлты күннен күнге көшеді,
Бағымыз бір жанып-бір өшеді.
Тағдырымыз тек Алланың қолында,
Күндер қайтып келмес бірақ кешегі.
Күндер қайтып келмес бірақ кешегі,
Күнәмізді шаю қиын бес елі.
Мені қинап өлтіретін ерекше,
Ауылдағы адамдардың өсегі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter