Өлеңдер ✍️
Сөкпеңіздер
Сөкпеңіздер мұңын неге жазды деп,
Неліктен ішкі сырын қазды деп?.
Бұл менің өмірдегі дерегім,
Сол деректен жыр туды ғой азды-көп.
Қанша ғұмыр сүрсемде бұл фәниде,
Айта алмаймын жүрегім бүгін назды деп
Мен басқаның өміріне кіріспегем,
Кіріспеген жандарды дұрыс көрем.
Ғазиз жеке басыма тиіспеңдер,
Қисаңда кеп басымды қылышпенен.
Табытында жатсамда өкініштің,
Сөкпеңіздер,жатсын бір сәт тыныш денем.
Араласып көрмедім өміріне басқаның,
Өкініштен соқса да алтын басын тасқа мын.
Өзгелердің дерегі қызықтырған еместі,
Әр кім өзі жаласын өткен істің қаспағын.
Жақсы-жаман болсамда,
Қиянатқа баспадым.
Ар-ұяттың көзі болған,
Намысымды сатпадым.
Сырттан сөккен жандарды,
Қарғап сілеп жатпадым.
Сүрініп кетсем жалғанда,
Тағдырға кіна артпадым.
Айтарым барлық жастарға,
Ашылсыншы бақтарың.
Оқыған жан түсінер,
Жырларымның астарын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter