Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  175


Автор: Ерлан Рымбек

Тыңда, балам, өмір деген өтпелі

Тыңда, балам, өмір деген өтпелі,
Тыңда, балам, құлақ салып тек мені.
Сені аңсар арманымның өзі де
Бір Аллаға жар емес пе көктегі.
Тыңда, балам, өмір деген өтпелі,
Саған айтар ақылым да көп менің.
Осы ирелең ақ жолда адаспасаң,
Өз бағыңды өзің тауып кеткенің.
Аманбысың, жан балам, аманбысың,
Осы жазған хатымды алармысың?
Ермек болсын деп саған жазғаным жоқ,
Сағыныштың хаты деп адал түсін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу