Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
98
Жыр арқылы айтамын жан сырымды....
Жыр арқылы айтамын жан сырымды,
Бір өзің деп, жаным-ау, жан сырылды.
Қалай ғана ұмытам бұл жалғанда
Анам және сен сияқты асылымды?
Мазалаған күнім болса, кешір мені,
Сені еске алып жырларымды көшіремін.
Жүрегімнің алауланған махаббатын
Қалай ғана, жаным-ау, өшіремін?..
Түндерде қос кірпігім ілінбейді,
Бұл сағыныш өмірдің гүлі дейді.
Сені аңсаумен ұйқысыз жатсам-дағы,
Саған, жаным, оның бірі білінбейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter