Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  122


Автор: Ерлан Рымбек

Мектебім

Көктемнің сазды әні
Жүректі тербеткен,
Өмірдің жолдары
Басталды мектептен.
Елімнің қорғаны
Біз едік ержеткен,
Мектебім!
Балалық шағымен
Достарым қоштасқан,
Қоштасу әнімен
Алаңға гүл шашқан.
Қымбат қой бәрінен
Бала бақ, нұрлы аспан,
Мектебім!
Аманат тапсырдық
Қарындас-бауырға,
Шашуды шаштырдық
Жиналған қауымға.
Тойлатып ас бердік
Үйтастың тауында,
Мектебім!
Қайырмасы:
Қоштасу вальсін
Әніммен әндетем,
Өмірдің ағысын
Аңсайды гүл көктем!
Жүректің қағысын
Қоңырау тербеткен,
Мектебім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу