Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
219
Мәдина Ералиеваны еске алу
Жас жанымды тербетті ғой назды үнің,
Көңілімді толқытты арман сазды үнің.
Кеше ғана әнге бөлеп халқыңды,
Сездің бе екен ғұмырыңның аздығын?..
Не деген үн, неткен дауыс қуатты,
Аққан күміс сылдырындай бұлақтың.
Соңғы келмес сапарыңа кетерде
Қош айтысып барша құсты жылаттың.
Сөнер емес өзегімде жалынды от,
Көз алдымда жүргендейсіз сағым боп.
Жан дүниемді жан даусымен жылытар
Сізден артық бұл дүниеде ару жоқ.
Қайырмасы:
Жадыратшы жанымды,
Жалындатшы әніңді.
Өзің болып жырларым,
Көзден жас боп ағылды…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter