Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  128


Автор: Ерлан Рымбек

Менің сауалнамам

Мен ғашықпын ай мен күннің шуағына,
Шуағына тамсанып құладым да.
Қысқаша жауап қатып көрейінші,
Халқым сенің өмір жайлы сұрағыңа.
Ең бастысы мен Алланың құлымын,
Діні Ислам пенделердің бірімін.
Әміренің топырағынан нәр алған,
Қаным қазақ,қалың жұртың ұлымын.
Өтеу парыз ақ сүтін пәк анамның,
Өтеу парыз жұпар исін даламның.
Анам менен даламды гүл еткен,
Өлең жырдың тамшысынан жаралдым.
-Туған жылың?
-1972шілдесі,
Алланың уақыты еді түн бесі.
Ана алдында бас иіп келемін мен,
Көк пен жердің арасында күн кешіп,
-Туған жерің?
-Туған жерім Әміренің ауылы,
Дауысына толқыған Франция қауымы.
Ұрпағымын мақтанышпен айта алам,
Тарақтылар ішіндегі тәуірін.
-Жынысың кім?
- Еркекпін.
Еркектін ішіндегі тентекпін
Тентектікті айтар болсам,
Әділдік іздеп тер төктім.
-Білімің ше?
-Жоғары.
Болмағанмын топ алды.
Ақиқатты айтам деп,
Абыройым жоғалды.
-Шыққан тегің?
-Қарапайым халықпын.
Сырқаттансам,
Өлең,жырмен сауықтым.
Бұл жаһанда келмейді,
Адамдықтан ауытқым.
-Ана тілің?
-Қазақша.
Тілім үшін болдым да әр кез араша,
Өзге тілге бет бұрып жүргендерге,
Мынауың іс қой дедім далбаса.
-Қайда істедің?
-Ұстаздық ол мектепте,
Артқаным жоқ еш бір мінсіз елге өкпе
Мен жайында жаман айтса біреулер,
Сия алмаймын ар-ұяттан жер-көкке.
-Міндеттісің бе әскерге?
-Міндеттімін.
Өтеп келдім Ресейде.
Ғали аға жырларын тауып алып,
Қорғап келді жас кеуде.
-Жұлдызнамаң?
-Арыстан,
Қайсарлығы жүрегіме жабысқан,
Қандай жағдай болсадағы өмірде,
Мінезіме қалыптасқан бар ұстам.
-Құмарсыз ба шарапқа?
-Іштім аздап қуанышта,қонақта.
-Қазір тізем түйіскелі намазға,
Ішпе деймін бауырларым қазаққа.
Айналғанын қаламаймын қарындас,
Ұлтым,Дінім мазаққа!
-Сөгіс алып көрдің бе?
-Сөгісім бар,алғысым бар аздаған.
Күнде болды бағым тайып боздаған.
Кейде өзіме кінә артып тұрамын,
Жүрегімде жырым қалса жазбаған.
-Бақыттысыз ба?
-Бақыттымын.
Тербеліп тұрса әр кез шалқып күнім
Бар тілерім амандығы халқымның,
Ақтық демім таусылғанша,ақтық күнім.
Сауалыңды осымен аяқтайын,
Қағаз,қалам қаруымды жарақтайын.
Кешіре алсаң кешір мені қарындас,
Көп сұрақ қойғандарды жаратпаймын.
Тұрсын әр кез алдыңызда таң күліп,
70-жыл онсызда біз қанғыдық.
Тыныштығын тілеп елдің Алладан,
Бақытты өмір сүрейікші мәңгілік.
Шулатсын бар әлемнің құлағын,
Қазақстан жаңғырып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу