file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  160


Автор: Серік Әбіл

АҚ БАС АҒА

– Ассалаумағалайкум, ақ бас аға,
Аман ба, ауыл
-аймақ, ақ босаға..
Алтын деген ардақты зат еді ғой,
Кейде сол алтынды да тат баса ма?
Мейірімі адамның жанарда екен,
Сауалдарым шешімін табар ма екен,
Қырқа асатын қырыққа келмей жатып,
Не ғып ерте шашыңыз ағарды екен?

Е, бауырым, сөздерің ой салады,
Көңіл орта, құрсақ сан тойса
-дағы.
Бəрі бекер көкірек көншімесе,
Көк тіретіп төбеңмен қойса
-дағы.
Сəні бірдей болғанның бəрі бірдей,
Дегеннен соң соқырлар əлін білмей,
Алтынды да тат басты, оның рас,
Сан асылдың шашылды дəні күлдей.
Сыр аңғарар адамдар сыртыңнан да,
Жағаласта жаға көп жыртылғанда,
Шаш түгіл қас та ағарып кетеді екен,
Арман жолы аттамай қырқылғанда.
Кердең басқан кем күнді кезіміз ғой,
Қимыл кемшіл болса да сөзімізде ой.
Тат бастырып алтынға, тат боп жүрген
Жəне
-дағы бауырым, өзіміз ғой




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу